Accessibility links

"ИМ-ге қосылмақ болған" ресейлік студент екі айға қамалды


Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті Варвара Караулова.
Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті Варвара Караулова.

Мәскеудің Лефортов соты Мәскеу мемлекеттік университетінің (МГУ) 19 жастағы студенті Варвара Караулованы 23 желтоқсанға дейін қамауға алуға шешім шығарды.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қатарына қосылу үшін Сирияға өтпек болған деген күдікпен биыл жазда Түркияда ұсталған Карауловадан сейсенбі күні жауап алып, үйіне тінту жүргізген Ресей тергеушілері «Караулова елге оралған соң да қызметіне тыйым салынған экстремистік топ мүшелерімен қайта байланыса бастаған» деген уәжбен соттан оны қамауға алуды сұраған.

Варвара Караулова биыл 4 маусымда Ресейдің - 13, Әзербайжанның төрт азаматымен бірге Түркиядан Сирияға қарай өтіп бара жатқанда ұсталған. Ал 23 шілдеде Ресей тергеу комитеті Варвара Караулованың экстремистік топтың жұмысына қатысуына және топ құрамына кіруіне қатысты тергеу аяқталғанын, оның үстінен қылмыстық іс қозғалмайтынын мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG