Accessibility links

Сенат Венгриямен қылмыстық істер бойынша шартты қабылдады


Астанадағы парламент сенаты ғимараты. (Көрнекі сурет.)

Астанадағы парламент сенаты ғимараты. (Көрнекі сурет.)

Бүгін парламент сенаты «Қазақстан мен Венгрия арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заңды қабылдады. Шартқа биыл сәуірдің бірінде Астана қаласында қол қойылған.

Шарт ережелеріне сәйкес, тараптар бір-біріне өзара құқықтық көмектер көрсетуге міндеттеме алады. Бұл ретте Қазақстан мен Венгрия осы шарт аясында қылмысқа қатысы бар адамдардың немесе заттардың орналасқан жерін анықтауды және құжаттар мен материалдарды табыс етуі тиіс. Бұдан бөлек, екі елдің құзыретті органдары өзара жауап алу мен айғақтар алмасу, тінту жүргізуге, активтерді тәркілеуге құқылы.

Сенат қабылдаған заң жобасы президентке қол қоюға жолданды.

XS
SM
MD
LG