Accessibility links

Әлемдік базарда мұнай бағасы өскені байқалады


Техастағы бұрғылау мұнарасы. (Көрнекі сурет.)
Техастағы бұрғылау мұнарасы. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-та өндірілетін мұнай бағасы сәрсенбі күні алты пайыздан аса көтеріліп, мұнай баррелінің бағасы 45 доллар 94 центке жеткен. Бұл соңғы екі айда бір күнгі сауда нәтижесінде мұнай бағасының ең көп өсімі. Brent маркалы мұнайдың бағасы бес пайызға жуық қымбаттаған.

Wall Street Journal басылымы АҚШ-тың осыдан қырық жыл бұрын Мексикаға мұнай экспорттауға салған тыйымды ішінара алғаны туралы жаңалық хабар трейдерлерге жеткен соң мұнай бағасы қымбаттады деп жазды. Тыйымның ішінара алынуы америкалық мұнайға сұранысты аттыруы ықтимал деген болжам айтылып отыр. Сонымен бірге бағаның қымбаттауына АҚШ-та қоймада сақтауда тұрған бензин мен дизель отыны қоры болжамдағыдан көп мөлшерде азайғаны туралы сәрсенбі күні жарияланған мәліметтер де себеп болған. Бұл шикі мұнайға сұранысты көбейтуі мүмкін.

Бірақ кейбір талдаушылар биылғы жылы мұнай бағасының алдымен қымбаттап, кейін құлдыраған кездері аз болмағанын айтады. Қорда бұрынғысынша үлкен мөлшерде мұнай бар, сонымен бірге былтыр бағаның құлдырауына әсер еткен ОПЕК ұйымы саясатының нәтижесінде рынокта басы артық мұнай әлі де көп дейді сарапшылар.

XS
SM
MD
LG