Accessibility links

CPJ Керриді Орталық Азиядағы баспасөз жағдайын айтуға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

«Журналистерді қорғау комитеті» (The Committee to Protect Journalists – CPJ) халықаралық ұйымы АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керриді Орталық Азия елдеріне сапары кезінде сол елдердегі баспасөз құралдарын басып-жаншу мәселесін көтеруді шақырған.

CPJ АҚШ мемлекеттік хатшысын өзі сапармен барғалы отырған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстанда «кәсіби міндетін атқарғаны үшін түрмеге қамалған» журналистерді бостандыққа шығаруға сол елдердің биліктерін «ашық шақыруға» үндеген.

Қазанның 28-і күні жарияланған үндеуде CPJ Орталық Азия елдерінде баспасөз бостандығының жағдайы «тоқтаусыз нашарлап» бара жатқаны айтылған. Құқыққорғаушылар бұл орайда «БАҚ-ты таратуға тыйым салынғаны, қатаң заңдар мен интернеттегі цензура, сонымен бірге сыни көзқарастағы журналистер мен блогерлердің саяси қуғын-сүргінге түсіп, шабуылдарға ұшырайтыны, түрмеге қамалып, қаза табатыны» туралы айтқан.

XS
SM
MD
LG