Accessibility links

Сенат міндетті медициналық сақтандыру заңын мақұлдады


Алматы қалалық аурухана ауласында тұрған адамдар мен медициналық жедел жәрдем көлігі. 26 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Алматы қалалық аурухана ауласында тұрған адамдар мен медициналық жедел жәрдем көлігі. 26 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Парламент сенаты депутаттары бүгін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасын мақұлдады деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Заң жобасында медициналық сақтандыру пакетінің екі түрі қарастырылған. Біріншісі – бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттің кепілді медициналық жәрдемін қамтитын базалық пакет. Екіншісі – жаңадан құрылмақшы медициналық сақтандыру қоры есебінен құралатын сақтандыру пакеті. Жобада бұл пакетке емханалық-амбулаториялық көмек, станционарлық және оны алмастыратын жәрдем, денсаулықты қалпына келтіру мен медициналық сауықтыру шараларын қамту көзделген.

Заң жобасына сәйкес, екінші пакетке ие болу құқығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына беріледі. Сонымен бірге, тұрғындардың экономикалық белсенді санатына жатпайтындары үшін жарнаны – мемлекет, жұмысшыларға – жұмыс беруші төлейді, ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жарнаны өз есебінен төлеуі тиіс деп көрсетілген заң жобасында.

Бұған дейін кейбір депутаттар міндетті жарна төлеу кәсіпкерлердің жағдайын қиындатады деп мәлімдеп, бұл заң жобасын қабылдауға қарсылық білдірген.

XS
SM
MD
LG