Accessibility links

Еуропарламент Сахаров сыйлығы иегерін атайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропарламент бүгін адам құқықтары жөніндегі Сахаров сыйлығының биылғы иегерінің атын жариялайды.

Бұл сыйлыққа үміткерлер арасында биылғы ақпанның 28-і күні Мәскеуде қастандықпен өлтірілген ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов, Сауд Арабиясындағы блогер Раиф Бадауи және Венесуэла демократиялық оппозициясының белсенділер тобы бар.

Адам құқықтары мен ой еркіндігі жолындағы күреске қосқан ерекше үлесі үшін берілетін бұл халықаралық сыйлықты Еуропарламент 1988 жылы совет ғалымы, диссидент Андрей Сахаровтың құрметіне тағайындаған. Оның иегеріне сыйлықпен бірге 50 мың еуро беріледі.

XS
SM
MD
LG