Accessibility links

Қытай "бір бала саясатын" тоқтатты


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қытайдың коммунистік партиясы бейсенбі күні "бір отбасыға - бір бала" саясатын тоқтату туралы шешім шығарды. Бұдан былай әр қытай отбасы екі бала өсіре алады.

"Синьхуа" агенттігі таратқан хабарға сәйкес, ондаған жылға созылған Қытайдағы "бір бала саясаты" жойылмақшы. Қытайдың коммунистік партиясы елдегі барлық ерлі-зайыптыға ендігәрі екі баладан өсіруге рұқсат берді.

Бұған дейін 2013 жылы Қытай үкіметі "бір бала саясатын" оңайлатып, миллиондаған отбасыға арнайы шартпен екі бала өсіруге мүмкіндік жасаған. 1979 жылы қабылданған "бір бала саясатын" қолдану арқылы Қытай билігі халық санының тез өсуін баяулатпақшы болған. Бірақ бұл саясаттың соңы ел тұрғындарының ішінде қарт адамдардың үлес салмағының артуына соқтырған.

XS
SM
MD
LG