Accessibility links

Ресей депутаттары ЛГБТ өкілдеріне айыппұл салуды ұсынды


Жыныстық азшылық өкілдері құқықтарын қорғаушылар мен қарсыластары арасындағы қақтығыс. Санкт-Петербург, маусым, 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)
Жыныстық азшылық өкілдері құқықтарын қорғаушылар мен қарсыластары арасындағы қақтығыс. Санкт-Петербург, маусым, 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресейде бір топ депутат Мемлекеттік думаның қарауына өз жыныстық ерекшеліктері туралы ашық мәлімдеген лесби, гей, бисексуал және трансгендерлерге (ЛГБТ) айыппұл салу, тіпті түрмеге қамауға дейін жаза тағайындауды көздейтін заң жобасын ұсынды.

Құжатта әлгіндей іс-әрекеттер «ұлттық мәдениет пен адами қарым-қатынас негіздеріне мақсатты түрде төңкеріс жасауға» арандататыны айтылған.

Ресей 2013 жылы кәмелетке толмағандар арасында «дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға» тыйым салатын заң қабылдаған. Белсенділер жыныстық азшылық өкілдерінің құқықтарын мақсатты түрде шектеу деп бағалаған Ресейдің ЛГБТ-қауымдастығына қатысты жүргізіп отырған саясатын құқыққорғаушылар талай рет және қатаң сынға алған. Президент Владимир Путин ол сынға қарсы уәжінде даулы заң «ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын шектеуге емес, балаларды қорғауға бағытталған» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG