Accessibility links

Қырғызстанда сиам егізінің сыңары Зита қайтыс болған


Сиам егізінің сыңары Зита Резаханова. Қырғызстан, 30 тамыз 2012 жыл.
Сиам егізінің сыңары Зита Резаханова. Қырғызстан, 30 тамыз 2012 жыл.

Қырғызстанда осыдан 12 жыл бұрын операция жасау арқылы сыңарының денесінен ажыратылып алынған сиам егіздерінің бірі Зита Резаханова қайтыс болды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне қыздың анасы Зумрият Резаханова бейсенбі күні хабарлаған. Бұған дейін ол жұртшылықтан қызына қажетті қымбат дәрі-дәрмек сатып алуға жәрдем сұрап өтініш айтқан еді.

24 жастағы Зита Резаханованың денсаулық жағдайы екі жыл бұрын күрт нашарлай бастаған. Соңғы бір жылда ол Қырғызстанда және Ресейде емделген.

Бір қуық, екі бүйрек, үш аяқпен туған Зита мен Гита Резахановаға 2003 жылы Мәскеудегі Филатов клиникасында өте күрделі операция жасап, денесін бір-бірінен ажыратқан еді.

XS
SM
MD
LG