Accessibility links

Алматы трамвай депосының жұмысы уақытша тоқтатылмақ


Алматы трамвай депосы. (Көрнекі сурет.)

Алматы трамвай депосы. (Көрнекі сурет.)

Алматы қаласындағы трамвай депосының жұмысы уақытша тоқтатылады. Мұндай шешім бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек деподағы жұмыс барысымен танысқан соң қабылданған деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Бұған дейін тұрғындардан соңғы екі айда қалада травмайдың қатысуымен болған бірнеше жол-көлік оқиғасынан соң Алматыдағы трамвай қозғалысына тыйым салуды сұраған өтініш түскені туралы хабарланған еді.

Осы аптада сейсенбі күні Байтұрсынов пен Жамбыл көшесінің қилысында трамвайдың дөңгелегі істен шыққан. Полиция жол апаты ретінде тіркеген бұл оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Қазанның 13-і күні Мақатаев көшесінде трамвай жолдағы 14 автокөлікті соғып, апаттан зардап шеккен бес адамның үшеуі ауруханаға түскен. Дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызылған бір науқастың бас сүйегі мен миына ауыр зардап келгенін айтқан.

Қыркүйектің 21-і күні Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында трамвай 14 жеңіл көлікті соғып өтіп, жол апатынан төрт адам зардап шеккені хабарланған.

XS
SM
MD
LG