Accessibility links

Астана: «партиялар белсенділігі» сайлауды меңземейді


Қазақстан парламенті мәжілісі. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан парламенті мәжілісі. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Қазақстандағы партиялардың «белсенділігін» елде кезектен тыс парламент сайлауы өтетінінің нышаны ретінде қарастырмайды. Бұл туралы ол бүгін Астанада мәлімдеген.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің сауалына Абаев «саяси партиялар жұмысының белсенділігі – қалыпты процесс» деп жауап берген.

Жергілікті кейбір сарапшылар қазақстандық партиялар белсенділігі кезектен тыс парламент сайлауы өтуі мүмкін екенін білдіреді деп санайды.

Қазіргі кезде елде ресми тіркелгенжеті саяси партия бар. Олардың үшеуі – «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан коммунистік халықтық партиясы соңғы сайлауда парламент мәжілісіне өткен.

XS
SM
MD
LG