Accessibility links

Грекия жағалауында 22 мигрант опат болған


Теңізде апатқа ұшыраған қайықтан мигрант баланы құтқару. Лесбос аралының маңы, Грекия, 30 қазан 2015 жыл.
Теңізде апатқа ұшыраған қайықтан мигрант баланы құтқару. Лесбос аралының маңы, Грекия, 30 қазан 2015 жыл.

Эгей теңізінің Грекия жағалауына жақын тұсында мигранттар отырған екі қайық апатқа ұшырап, салдарынан 22 адам, соның ішінде 13 бала опат болған.

Грекияның жағалаудағы күзет қызметінің хабарлауынша, мигранттар мінген қайықтардың бірі жұма күні Калимнос аралы маңында, екіншісі – Родос аралы тұсында теңізде аударылған. Екі қайықтан барлығы 144 адам құтқарылған.

Агатонисси аралы жағалауында осы сәрсенбіде хабарсыз кеткен мигрант ұл баланың жансыз денесі судан табылған.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас мигранттар дағдарысының шешімін табуда шарасыздық танытып отырғаны үшін Еуропа одағын кінәлаған.

Жыл басынан бері Грекияға Таяу Шығыс елдерінен Еуропа аумағына жетуді көздеп 570 мың босқын мен мигрант барған.

XS
SM
MD
LG