Accessibility links

Алматыдан 192 километрде жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сенбіге қараған түні Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 192 километр қашықтықта 4,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша 23 сағат 43 минутте тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 15 километр тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.

XS
SM
MD
LG