Accessibility links

Қарағандыда бес қабатты үйде газ жарылған


Қарағанды облысының аумақтық картасы.

Қарағанды облысының аумақтық картасы.

Қарағанды қаласында бес қабатты тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылысы болған, адамдар зардап шекпеген деп хабарлайды жергілікті баспасөз құралдары.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жұма күні кешкісін үйдің екінші қабатында орналасқан бір бөлмелі пәтерде болған жарылыс салдарынан іргелес пәтермен арадағы қабырға ішінара бүлінген.

Төтенше оқиға болған көпқабатты үйден қырықтан аса адам қауіпсіз жерге шығарылған.

XS
SM
MD
LG