Accessibility links

Джон Керри аймаққа сапарын Бішкектен бастады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Қырғызстан сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Эрлан Абдылдаев. «Манас» әуежайы, Бішкек, 31 қазан 2015 жыл

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Қырғызстан сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Эрлан Абдылдаев. «Манас» әуежайы, Бішкек, 31 қазан 2015 жыл

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Бішкекке келді деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

«Манас» әуежайында оны Қырғызстан сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Эрлан Абдылдаев қарсы алған.

Джон Керри Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен, сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Эрлан Абдылдаевпен кездесулер өткізіп, Қырғызстандағы АҚШ елшілігі жаңа ғимаратының және Орталық Азиядағы Америка универститеті жаңа кампусының ашылу рәсімдеріне қатысады деп жоспарланған.

Қырғызстаннан кейін ол Өзбекстанның Самарқан қаласында аймақтағы бес елдің сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысады. Бұл шара АҚШ-тың Орталық Азия аймағы елдерімен бірге бастайтын жаңа форматтағы диалогы болмақ.

Қазақстанға Джон Керри 1 қарашада келмек. Ол Астанада «АҚШ-Қазақстан стратегиялық серіктестігі» диалогы аясында өтетін кездесуге қатысып, Назарбаев университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Аймақ елдеріне сапары қарсаңында Джон Керриді бірқатар халықаралық ұйымдар мен АҚШ-тың кейбір саясаткерлері Орталық Азия елдеріндегі баспасөз еркіндігі, саяси тұтқындар жағдайы сынды адам құқықтары мәселелерін көтеруге шақырған.

XS
SM
MD
LG