Accessibility links

Президент азаматтық іс жүргізу кодексіне қол қойды


Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы - Ақорда.
Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы - Ақорда.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін азаматтық іс жүргізу кодексіне қол қойды. Бұл туралы ақпаратты президенттің баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Ақорданың хабарлауынша, Назарбаев жаңа заң жобасына тұңғыш рет бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көзінше қол қойған.

Бұған дейін, қыркүйектің 23-і күні парламент мәжілісі сенат қосымша енгізген өзгерістермен қоса қабылдаған жаңа азаматтық іс жүргізу кодексінде сот төрелiгiн бессатылы жүйеден үш деңгейлi жүйеге көшіру, апелляциялық сот өкiлеттiгiн кеңейту, сот рәсiмдерiн оңайлату және сот үрдісін жеделдету үшiн прокурордың азаматтық-құқықтық даулар бойынша сотқа қатысуын қысқарту сияқты өзгерістер бары хабарланған.

Азаматтық іс жүргізу кодексіне қол қою рәсімінен видео:

XS
SM
MD
LG