Accessibility links

Әзербайжан сайлауында билік партиясы жеңіске жеткен


Әзербайжандағы парламент сайлауы. 1 қараша 2015 жыл.

Әзербайжандағы парламент сайлауы. 1 қараша 2015 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің "Жаңа Әзербайжан" партиясы елде 1 қарашада өткен парламент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді. Биліктегі партияның жеңіске жететініне ешкім күмән келтірмеген. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адам құқығы және демократиялық институттар бюросы Әзербайжандағы сайлауға бақылаушыларын жіберуден бас тартқан. Сайлауға елдегі негізгі оппозициялық партиялар да байкот жариялаған.

Дауыс беруге бес миллионға жуық азамат қатысты. Негізгі оппозициялық күштер 125 депутаты бар парламент сайлауынан бас тартқанымен кейбір үміткерлер сайлауға түсті.

Әлиевтің партиясына бәсекелес үміткерлер биліктегі партия үміткерлеріне телеарналардан сөйлеуге уақыт тегін беріліп, ал өздері эфирге шығу үшін үлкен қаржы төлеуі тиіс болғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG