Accessibility links

Ресейде ұшақ апаты құрбандарын аза тұтты


Египеттен Ресейге ұшып шығып, апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағында құрбан болғандардың туыстары. Санкт-Петербург, 31 қазан 2015 эыл.

Египеттен Ресейге ұшып шығып, апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағында құрбан болғандардың туыстары. Санкт-Петербург, 31 қазан 2015 эыл.

Ресейде "Когалымавиа" компаниясының апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағында қаза тапқан 224 адамды аза тұтты. Мамандар әзірге Египеттің Синай түбегінде ұшақтың не себепті апатқа ұшырағанын анықтауға тырысып жатыр. Террористік "Ислам мемлекеті" ұйымымен байланысты жергілікті топ ұшақ апатына жауапкершілікті мойнына алғанымен, оны қалай атып түсіргенін айтқан жоқ. Бірақ Ресей билігі содырлардың мәлімдемесін бірден жоққа шығарды.

Египет арнайы қызметіндегі дереккөздердің мәліметінше, ұшақтың жарылғанына, я атып түсірілгеніне ешқандай дәлел жоқ. Ресей мемлекетаралық авиация комитетінің басшысы Виктор Сороченко ұшақ "әуеде жарылып, сынықтары үлкен аумаққа шашылып кеткенін" хабарлаған. Бірақ ол әзірше ұшақ апаты себептеріне қатысты түпкілікті болжам жасауға ерте екенін айтады.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Астана мен Алматыда Ресей елшілігі мен консулдығы алдына қазақстандықтар ұшақ апаты құрбандарына гүл қойып, еске алып жатыр.

1 қарашада Каирден арнайы ұшақ Санкт-Петербургке 162 адамның сүйегін жеткізген. 31 қазанда таңертең Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке ұшып шыққан "Когалымавианың" Airbus A321 ұшағы Ариш және Хасна қалаларына жақын маңда апатқа ұшыраған.

XS
SM
MD
LG