Accessibility links

Көкшетауда бір адам өзін өртеді


Көкшетау қаласының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Көкшетау қаласының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Көкшетауда 1995 жылы туған ер адам өзін өртеп, ауруханаға түсті деп хабарлайды бүгін Ақмола облыстық ішкі істер департаменті.

Департаменттің баспасөз хатшысы Гүлнара Пинчуктың Азаттыққа айтуынша, оқиға қарашаның 1-і күні кешке болған. Пинчуктың сөзінше, жас жігіт тұрып жатқан үйінде үстіне бензин құйып өртеген. "Ол өзін ата-анасы мен азаматтық некедегі әйелімен бірге тұрып жатқан үйде өртеген. Оқиғаға азаматтық некедегі жұбайымен ұрсысып қалуы себеп болған. Өртті туыстары өшіріп, жігітті облыстық ауруханаға апарған. Терісінің 97 пайызға дейінгі көлемі күйген" деді Пинчук.

Ақмола облыстық ауруханасының жарақат бөлімінің меңгерушісі Азаттыққа Владимир Цой Азаттыққа өзін өртеген жігіттің жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Қазақстанда соңғы бір айда осымен екінші рет өзін-өзі өртеу оқиғасы болып отыр. Қазанның 24-і күні Тараздағы «Нұр Отан» партиясы ғимараты алдында 1995 жылы туған Ерлан Бектібаев деген азамат өзін-өзі өртеп, сол күні қалалық ауруханада қайтыс болған. Өзін өртер алдында ол мұндай жағдайға полиция қызметкерін кінәлап мәлімдеме жасаған еді.

XS
SM
MD
LG