Accessibility links

Сенат Ақышевті ұлттық банк басшысы етуге келісті


Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы болып Қазақстан президентінің көмекшісі қызметін уақытша атқарушы әрі президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Ақышев тағайындалды.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Келімбетовті отставкаға жіберіп, парламент сенатына президенттің көмекшісі міндетін атқарушы Данияр Ақышевті ұлттық банк төрағасы етіп тағайындауға келісім беруін сұраған. Сенат пленарлық отырысында президенттің ұсынысын қолдаған. Назарбаев сенатқа ұсынысында банк пен ұлттық валюта - теңгеге деген сенім азайғанын, бұған жол беруге болмайтынын айтқан.

37 жастағы Данияр Ақышев 2007 жылдан 2014 жылдың тамызына дейін ұлттық банк төрағасының орынбасары болған.

Келімбетов ұлттық банк төрағасы болып 2013 жылдың қазанында тағайындалған. Оның тұсында Қазақстан валютасы - теңге 2014 жылдың ақпанында және биыл тамызда екі рет күрт девальвацияланды. Биыл тамызда ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұрудан бас тартып, нәтижесінде АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы бірден 30 пайызға қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG