Accessibility links

Ұлттық банк: Бір айда 3,9 миллиард доллар саттық


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық банкі қазан айында валюта нарығында 3,9 миллиард доллар сатқанын хабарлады. Ұлттық банктің бүгін таратқан ақпаратына қарағанда, 3,9 миллиард доллар "Нұрлы жол" бағдарламасын қаржыландыруды жалғастыру үшін ұлттық қордан алынып, валюта нарығына жұмсалған.

Сатылған доллардың 2,7 милларды "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының облигацияларын сатып алуға жұмсалған.

Ұлттық банк тамызда теңге бағамын еркіне жіберген соң теңге бірден 30 пайызға құнсызданған. Қыркүйектің ортасында доллар бағамы 300 теңгеге жеткенде ұлттық банк валюталық интервенция жасайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG