Accessibility links

Мемлекеттік департамент Самарқандтағы оқиғаны тексермек


Washington Post басылымының журналисін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов кездесіп отырған залдан шығарып жатқан сәт. Самарқанд, 1 қараша 2015 жыл.

Washington Post басылымының журналисін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов кездесіп отырған залдан шығарып жатқан сәт. Самарқанд, 1 қараша 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстанның Самарқанд қаласында Washington Post газетінің журналисі Кэрол Морелломен тап болған оқиғаға байланысты қауіпсіздік агенттерінің жұмыс тәртібін қайта қарайтынын мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың кездесуінде Өзбекстандағы адам құқығы туралы сұрақ қоймақ болғанда тілшіні залдан шығарып жіберген еді.

Видеода басылым қызметкерінің Каримовтен АҚШ билігінің Өзбекстандағы адам құқығы жағдайының нашарлығын сынауына қатысты түсінік алмақ болғаны көрінеді. Керри мен Каримов кездесудің ашық бөлігін аяқтаған сәтте Морелло Каримовтен америкалық ақпарат құралдарындағы сауалдарға қалай жауап беретінін сұраған. Журналист адам құқығы мәселесін көтермек болғанда мемлекеттік департамент пен Өзбекстан қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оны залдан шығуға мәжбүрлеген. Видеода кадр сыртында америкалық акцентпен сөйлеген адам "Жоқ, оны шығарып жіберіңіздер" дейді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөзбен жұмыс бөлімінің директоры Элизабет Трюдо Вашингтонда журналистерге ведомство басшылығының бұл оқиғаны тексеретінін хабарлады.

Америкалық журналистің Керри мен Каримов кездесуінде сұрақ қоюына кедергі жасау сәті

XS
SM
MD
LG