Accessibility links

Обама федералдық бюджет туралы заңға қол қойды


АҚШ президенті Барак Обама федералдық бюджет туралы заңға қол қойып отыр. Вашингтон, 2 қараша 2015 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама федералдық бюджет туралы заңға қол қойып отыр. Вашингтон, 2 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама елдің екі жылдық бюджеті туралы заңға қол қойды. Құжатты өткен аптада конгресс мақұлдаған. Ақ үйде заңға қол қою рәсімінде Обама конгресмендер енді министрліктер мен ведомстволарға қажетті қаржыны бөлу туралы заңдар қабылдауы қажетін айтты.

Барак Обама бұл заңдар уақытында қабылданатынына және заң жобасы мемлекетті үкіметтің соңғы сәтте жұмысын тоқтату қаупінен арылтатынына сенім білдірді.

Конгресс заң жобасын мақұлдамаған жағдайда 3 қарашада АҚШ өзінің қаржылық міндеттеріне қатысты дефолт жариялауы тиіс болатын.

Екі жылдық бюджет жобасында мемлекеттік қарыз мөлшерін бұл мәселеге 2017 жылдың наурызына дейін қайта оралмайтындай етіп ең жоғарғы деңгейге көтеру қарастырылған. Заңда 2016 және 2017 жылдың қаржылық мерзіміне арналған федералдық бюджетін айқындайды.

XS
SM
MD
LG