Accessibility links

"ТАҢ" телеарнасының атауы өзгермек


Теледидардан көрсетіліп тұрған "ТАҢ" телеарнасының белгісі. (Көрнекі сурет).

Теледидардан көрсетіліп тұрған "ТАҢ" телеарнасының белгісі. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы "ТАҢ" жекеменшік телеарнасының атауы "ОҢ-ТВ" деп өзгеретін болды. Телеарна басшылығы таратқан ақпаратқа қарағанда, телеарна атауы 15 қарашадан бастап өзгереді.

Инвестиция және даму министрлігі байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің телеарнаның атауын өзгертіп, қайта тіркеуге қойғаны туралы куәлігі қыркүйекте берілген.

Телеарна заңгері Азаттыққа "ТАҢ" атауын телеарна құрылтайшылары өзара кеңесіп өзгерткенін ғана айтып, басқа ақпарат бере алмайтынын білдірді.

"ТАҢ" телекомпаниясы 1990 жылы жергілікті телеарна ретінде құрылып, 2014 жылдан республика аумағына хабар тарата бастаған.

XS
SM
MD
LG