Accessibility links

Джон Керри Душанбеде Эмомали Рахмонмен кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесуде. Душанбе, 3 қараша 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесуде. Душанбе, 3 қараша 2015 жыл.

Орталық Азия елдерінде ресми сапармен жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Керри Душанбеге бүгін таңертең барған.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, жабық түрде өткен кездесуде тараптар екі жақты ынтымақтастық пен аймақтағы жағдайды талқылаған.

Кездесу қарсаңында Керри АҚШ-тың Тәжікстанның қауіпсіздігін қолдау ниетінен айнымайтынын білдірген.

"Біз, екі жақ та Ауғанстандағы және онымен шекарадағы қауіпсіздікке, есірткі тасымалымен және терроризм қаупіне алаңдаймыз" деген Керри.

Тәжікстаннан соң Керри Түркіменстанға барып, сапарын осы елмен аяқтайды.

XS
SM
MD
LG