Accessibility links

Қазақстан "Көркею индексінде" биыл да төмендеді


2014 жылға арналған «Көркею индексіндегі» Қазақстан. (Көрнекі сурет).
2014 жылға арналған «Көркею индексіндегі» Қазақстан. (Көрнекі сурет).

Қазақстан 2015 жылы "Көркею индексінде" (Prosperity index) биыл да төмендеп, 56-орынға сырғыды. Қазақстан 2014 жылғы индексте 55-орында тұрған. Лондонда орналасқан Legatum Institute ұйымы әлем елдерінің 2015 жылға арналған «Көркею индексінде» (Prosperity index) Қазақстан денсаулық сақтау саласының тиімділігі бойынша ғана тәуір көрсеткішке (51-орын) алса, ең төменгі көрсеткіш мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінде байқалған (109-орын).

"Көркею индексі" экономикалық саланың тиімділігі, бизнес жүргізу мүмкіндіктері, білім, денсаулық салаларының тиімділігі, жеке бас қауіпсіздігі мен еркіндігі, әлеуметтік капитал көрсеткіштері бойынша түзіледі. Қазақстан кейбір критерийлер бойынша өткен жылғы көрсеткіштерінен төмендеген.

Мәселен, Қазақстан биылғы индексте әлеуметтік капитал критерийі бойынша – 46 (былтыр 35-орын), экономикалық саланың тиімділігі жөнінен – 54 (былтыр 44-орын), білім бойынша – 55 (былтыр 54-орын), қауіпсіздік тұрғысынан – 66-орынды (былтыр 63-орын) иеленген.

Қазақстан Legatum Institute ұйымының «Көркею индексінде» былтыр 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда сегіз орынға төмендеп, 122 елдің арасында 55-орынға тұрақтаған. Ел былтыр да мемлекеттік басқару жүйесі тиімділігі бойынша төменгі орында (106-орында) тұрған.

142 ел қатыстырылған индекстегі алғашқы бестікке Норвегия, Швейцария, Дания, Жаңа Зеландия мен Швеция орналасқан.

XS
SM
MD
LG