Accessibility links

Киев ресейлік екі әскериді қамау мерзімін ұзартты


Ресейлік әскерилер Евгений Ерофеев (сол жақта) пен Александр Александров сотта отыр. Киев, 29 қыркүйек 2015 жыл.

Ресейлік әскерилер Евгений Ерофеев (сол жақта) пен Александр Александров сотта отыр. Киев, 29 қыркүйек 2015 жыл.

Киев соты Донбаста украин әскерилері ұстаған ресейлік әскерилер Евгений Ерофеев пен Александр Александровтың қамау мерзімін екі айға ұзартты. Сотталушыларға бес бап, оның ішінде "Украинаға қарсы басқыншылық соғыс жүргізіп, оған қатысу", "террористік ұйым қызметіне болысу" баптары бойынша айыптар тағылған.

Сотта судья адвокаттардың ресейліктерді қамаудан үйқамаққа алу және сот ісін қарауды әкімшілік сот сотталушыларды әскери тұтқын деп тану туралы шағым бойынша бір шешім шығарғанша кейінге қалдыру туралы өтінішін қабылдамай тастады.

Украина прокуратурасы Ерофеев пен Александровқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрамақ ниетте.

Ерофеев пен Александров мамыр айының ортасында Луганскіде ұрыста ұсталған. Тергеу кезінде олар Ресей бас брлау басқармасының Тольяттидегі бригадасының әскерилері екенін мәлімдеген. Ресей қорғаныс министрлігі олардың "желтоқсан айында жұмыстан босатылғанын" мәлімдеп, Ресей армиясына қатысы барын жоққа шығарған.

Кеше Ерофеев пен Александровтың адвокаттары Украинаның жоғарғы әкімшілік сотына сотталушыларды әскери тұтқын деп тануды сұрап шағым түсірген. Егер әскерилер әскери тұтқын деп танылса онда қылмыстық қудалауға ұшырамайды және оларды қамауда ұстау тәртібі де өзгеріп, тұтқынмен алмастырылуы мүмкін.

Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Ерофеев пен Александровты Ресейде қамауда отырған немесе сотталып жатқан украиндықтармен алмастыру мүмкіндігін қабылдамай тастаған.

XS
SM
MD
LG