Accessibility links

Жаңаөзендік жүкті әйел өзін пышақтады


Жаңаөзен әкімдігінің алдында тұрған адамдар. Көрнекі сурет

Жаңаөзен әкімдігінің алдында тұрған адамдар. Көрнекі сурет

Жаңаөзен қалалық әкімдігінің алдында биліктің әрекетсіздігіне наразылық белгісі ретінде жүкті әйел 3 қараша күні түске жақын өзін пышақтап тастады. 28 жастағы әйел қалалық ауруханаға түскен. Оның қарны мен сол қолы жараланған.

Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Департамент жараланған әйелдің биліктен отбасына баспана сұрағанын айтады.

Жергілікті БАҚ әйелдің ішінде бес айлық пінәсі барын, бірнеше баланың анасы екенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG