Accessibility links

Ахметов сотында соңғы эпизод қарала бастады


Экс-премьер Серік Ахметовтің және Қарағанды облысы мен қаласы әкімдіктерінің бұрынғы шенеуніктерінің соты. Қарағанды, 2 қазан 2015 жыл.
Экс-премьер Серік Ахметовтің және Қарағанды облысы мен қаласы әкімдіктерінің бұрынғы шенеуніктерінің соты. Қарағанды, 2 қазан 2015 жыл.

Қарағандыда экс-премьер Серік Ахметов пен Қарағандының бұрынғы шенеуніктерінің ісіне қатысты соттың соңғы эпизоды бойынша отырыс басталды.

Қылмыстық істің соңғы, жетінші эпизоды Серік Ахметовке тиесілі деп саналатын "Топарские теплицы" компаниясымен байланысты. Бұл эпизод бойынша алты адам сотқа тартылған.

Сотта айыптаушы жақтың куәгері - "Топарские теплицы" компаниясының директоры Александр Забировтың сөзі тыңдалды. Забировтың айтуынша, компанияда "Ахметовтің нұсқауымен түрлі операциялар, оның ішінде Испанияда тіркелген компанияларды тартып қолма-қол ақша айналдыру операциясы жасалған". Ол Ахметовтің "бұйрығымен" компанияға сатып алатын құрылғылардың бағасы қымбаттатып көрсетілген дейді.

Забиров компанияға мемлекеттің "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша 4,5 миллиард теңгеден асатын қаржы бөлінгенін айтады.

Компания директоры бұған қоса 2014 жылы компания жұмысына тексеріс басталғанда "қитұрқы жоспармен" байланысы бар барлық адамды шақырып, тергеу бола қалған жағдайда "ақталып шығу амалдарын қарастырғанын" да жеткізді.

Серік Ахметов пен Қарағанды облысы мен қаласындағы бұрынғы шенеуніктердің ісіне қатысты іс тамыз айында басталған. Сотта барлығы 21 адамға «қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланған, «бюджет қаржысын жымқырған» және «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан» деген айыптар тағылып отыр. Бұларға қоса, Серік Ахметов «аса ірі көлемде пара алған» деген күдікке ілінген. Сот тыңдауы барысында сотталушылардың кейбіреулері тергеу кезінде өздеріне қысым жасалғаны туралы мәлімдеп, кейбірі бұған дейінгі берген куәліктерінен бас тартқан.

XS
SM
MD
LG