Accessibility links

Адвокаты Козловпен "кездесе алмағанын" хабарлады


Владимир Козловтың адвокаты Айман Омарова. Алматы, 4 қараша 2015 жыл.
Владимир Козловтың адвокаты Айман Омарова. Алматы, 4 қараша 2015 жыл.

Адвокат Айман Омарова түрмеде жазасын өтеп жатқан, өзі қорғайтын Владимир Козловпен кездесе алмағанын хабарлады.

Адвокат қарашаның 3-і күні Алматы түбіндегі Заречный кентінде орналасқан ЛА 155/14 түрмесіне барып, қамаудағы Владимир Козловпен кездеспек болған. Бірақ адвокат алдымен «кездесуге рұқсат беру туралы арыз-өтініш жазуға» мәжбүр болғанын, кейін өзіне "түрме басшылығының келісімінсіз кездестіре алмайтынын» жеткізгенін айтты.

Айман Омарованың сөзінше, «бірнеше сағаттан кейін келген түрме бастығы, Козлов жазбаша не ауызша Омарованың өзінің адвокаты екенін растамайынша, кездестіре алмайтындығын» айтқан.

- Бұған дейін түрме ішіне әскер кіргізіп, тінту жұмыстары жүргені белгілі. Бәлкім, Козловқа қысым жасалып, немесе оның алда қаралатын мерзімінен ерте босатуға қарасты ісіне қандай да бір кедергі жасаудың амалы болуы мүмкін, - дейді Омарова. Адвокат бұл іске қатысты енді қалалық немесе облыстық прокуратураға арызданбақ.

Владимир Козлов шілденің 27-сінен бері қауіпсіздігі орташа қамау мекемесінде қатаң тәртіпті жағдайда отыр. Бұл жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуге кесілген Козловтың бараққа ауыстырылғанын білдіреді. Барақ колонияның аумағында болғанымен, өзгелерден бөлек қоршауда орналасқан. Бұған тұтқын Владимир Козловты түрмедегі тәртіптік аттестациялық комиссияның оның мінез-құлқын «үшінші дәрежелі теріс деңгейде» деп бағалауы себеп болған. Қатаң тәртіптегі жағдайға қамалғандар кездесу мен сәлемдеме алу жағынан шектелетінін айтады.

XS
SM
MD
LG