Accessibility links

Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан ондаған адам мерт болды


Оңтүстік Судан картасы. (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Судан картасы. (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Суданда бүгін "Антонов" жүк тасымалдайтын ұшағы апатқа ұшырап, ондаған адам қаза тапты деп хабарлайды халықаралық агенттіктер. Жергілікті полиция мен ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ ел астанасы Джуба қаласының әуежайынан ұшып шыққаннан ұзамай құлаған. Апаттан екі адам тірі қалған.

Associated Press-тің ресми деректерге сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақта болғандардан және жерде апаттан 41 адам қаза тапқан. Ұшақ бортында экипаж бен жолаушыларды қосқанда 20 шақты адам болған.

South Sudan Tribune агенттігінің хабарлауынша, ұшақ экипажында ресейлік бес ұшқыш пен жеті жолаушы болған. Тірі қалғандардың бірі - сәби екені айтылады.

Куәгерлердің Reuters агенттігіне айтуына қарағанда, ұшақтың артқы жақ бөлігі мен тағы бірнеше сынығы әуежайға жақын Ақ Ніл өзенінің жағалауына түскен.

Оқиға орнында жүрген полиция өкілі екі адам тірі қалғанын және олардың бірі бала екенін айтқанымен, ұшақта нақты қанша адам болғанын айта алмаған.

XS
SM
MD
LG