Accessibility links

Altel 4G мен Tele2 операторлары бірікпек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда "Қазақтелеком" компаниясы мен еуропалық Tele2 Group телекоммуникациялық компаниясы ұялы байланыс операторларын біріктіретінін хабарлады.

"Қазақтелекомның" хабарлауынша, Қазақстанда біріккен ұялы байланыс қызметі "Алтел" компаниясының Altel 4G брендімен және "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының Tele2 брендімен шықпақ. Altel мен Tele2-нің бірнеше миллионға жететін абоненті бар.

Келісім бойынша, акционерлік капиталдың 51 пайызын "Қазақтелеком", 49 пайызын Tele2 Group компаниясы иеленбек. Ал бірлескен компаниядағы акцияның 49 пайызына "Қазақтелеком", 51 пайызына Tele2 Group ие болады.

Келісім мемлекеттік бақылаушы органдардың мақұлдауынан өткен соң аяқталады.

XS
SM
MD
LG