Accessibility links

Наразылықтан соң Румыния премьері отставкаға кетті


Румынияның отставкаға кеткен премьер-министрі Виктор Понта.

Румынияның отставкаға кеткен премьер-министрі Виктор Понта.

Румыния премьер-министрі Виктор Понта Бухаресте түнгі клубтағы өрттен соң болған наразылық шерулерінен кейін үкіметтің отставкаға кеткенін мәлімдеді.

"Мен мандатымды тапсырамын, әрине, мен басқаратын үкімет те отставкаға кетеді" деді бүгін Понта мәлімдемесінде.

3 қарашада 20 мыңға тарта адам Бухаресте үкімет үйінің алдында 32 адам қаза тапқан түнгі клубтағы өртке наразылық танытып, премьер мен ішкі істер министрі Габриеэль Опреаның отставкаға кетуін талап еткен. Клубтағы өрттен 200-ге тарта адам зардап шеккен.

Демонстранттар өртке биліктегі коррупцияны айыптаған.

XS
SM
MD
LG