Accessibility links

Ермек Тайшыбековтің соты басталды


Ермек Тайчибеков. Алматы, 24 тамыз 2015 жыл.
Ермек Тайчибеков. Алматы, 24 тамыз 2015 жыл.

Бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданының сотында "ұлтаралық араздық тудырды" деп айыпталған азамат Ермек Тайшыбековтің соты басталды.

Айыпталушы азамат журналистердің сотқа қатысуын және өзіне тағайындалған бұлтартпау жазасын өзгертуді сұраған. Журналистердің сотқа қатысуына рұқсат еткен судья аудио және видеоға түсіруге келісім бермеді. Айыпталушы қамауда қала беретін болды.

Ермек Тайшыбековтің туысы Ердос Тайшыбеков бауырының ешбір қылмыс жасамағанын, "өз ойын ғана айтып, оны ешкімге таңбағанын" мәлімдейді.

Жамбыл облысы Қордай ауданының 37 жастағы тұрғыны Ермек Тайшыбеков Facebook және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде ресейшіл бағыттағы, Қазақстан мен Ресейдің саяси қарым-қатынасын тереңдетуге үндеген сарындағы пікірлерімен танылған.

Ермек Тайшыбековке қарсы іс оның Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларына наразы болған алматылық Ботагөз Исаеваның арызы бойынша 30 маусымда қозғалған.

Тамыз-қыркүйек айларында Алматыдағы психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына жатқызылған Ермек Тайшыбеков өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі қолдан ұйымдастырылған деп біледі.

XS
SM
MD
LG