Accessibility links

Назарбаев Лондонда Екінші Елизаветамен кездесті


Ұлыбритания ханшайымы екінші Елизавета Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алып тұр. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.
Ұлыбритания ханшайымы екінші Елизавета Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алып тұр. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда Ұлыбритания ханшайымы екінші Елизаветамен кездесті.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қарашада Букингем сарайында өткен кездесуде Назарбаев ханшайымға Ұлыбританияға сапарының қорытындысы жайлы әңгімелеп, Қазақстан сыртқы саясатында британ векторының маңызы зор екенін айтқан.

3 қарашада британ премьері Дэвид Кэмерон жалпы сомасы 4,6 миллиард доллар болатын екіжақты сауда келісімдеріне қол қойып тұрып, Ұлыбритания мен Қазақстанды «көркею мен алға ілгерілеудегі серіктес» ретінде танитынын мәлімдеген. Ол газ, металлургия салаларындағы бірлескен жобаларды екі мемлекет арасындағы сауда байланыстарының өзегі деп атаған.

Құқық қорғаушылар британ үкіметін Қазақстанмен іскерлік байланыстарын бұл елдегі адам құқығы жағдайынан жоғары қояды деп айыптайды. Бірақ премьер-министрдің өкілдері Кэмерон Назарбаевпен кездесуде адам құқығы жағдайын көтерді дейді.

Назарбаев Ұлыбританиядан соң Францияға сапармен бармақшы.

XS
SM
MD
LG