Accessibility links

АҚШ: Ресей Сириядағы әскерін күшейтіп жатыр


Сириядағы Ресей жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Сириядағы Ресей жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет.)

АҚШ мемлекеттік департаментінің Еуразия және Еуропа істері бойынша көмекшісі Виктория Нуланд Ресей Сирияның Хомс пен Хама қалалары маңына ауыр артиллерия мен құрлықтағы әскерін орналастырды деп мәлімдеді.

Нуланд Кремльдің Сириядағы әуе шабуылдары мен әскери қимылдарына «күн сайын екі-төрт миллион долларға дейін қаржы кетіп жатқанын» айтты. Ол Кремльдің бейбіт тұрғындар тұрып жатқан аудандардағы операцияларын «адамгершілікке қайшы» деп атады.

4 қарашада Нуланд пен мемлекеттік хатшының Таяу Шығыс аймағы бойынша көмекшісі Анна Паттерсон АҚШ сенатының халықаралық істер комитеті алдында есеп берген. Бұл комитет мүшелері бұған дейін ара-тұра Ақ үйдің Сириядағы саясатын сынап тұратын. Нуланд «Ресей қазір Хомс пен Хама маңындағы соғыс қимылдары жүріп жатқан аудандарға ауыр артиллерия мен құрлықтағы басқа да нысандарын орналастырып, әскерін одан сайын әлсіз жасап отыр» деген. Ол «Мәскеу бұдан үлкен шығын тартады» дейді.

АҚШ қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздері мен тәуелсіз сарапшылар Reuters агенттігіне Ресейдің Сириядағы әскерінің саны төрт мың адамға дейін жеткенін айтқан. Ресей ондаған жылдар бойы Сирия аумағында әскері болуын қолдап келген. Бірақ 30 қыркүйекте Ресей әскери-әуе күштері Сирияда шабуыл бастаған соң Кремль бұл елдегі әскері санын айтудан бас тартып отыр.

XS
SM
MD
LG