Accessibility links

Мәскеуде "Орыс маршына" қатысқан 8 адам ұсталды


Мәскеудегі "Орыс маршы". 4 қараша 2015 жыл.

Мәскеудегі "Орыс маршы". 4 қараша 2015 жыл.

Мәскеуде Люблино ауданында өткен "Орыс маршын" ұйымдастырған және оған қатысқан сегіз адам ұсталды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы.

Сот тыйым салған "Русские" ұлтшыл қозғалысы жетекшісі Дмитрий Демушкиннің айтуынша, ұсталғандар арасында осы ұйым жетекшілерінің бірі, маршты ұйымдастырушы Антон Смирнов та бар. Белсенділердің бірінің айтуынша, полиция өздерін марш кезінде кельт айқышы бар туды ұстамау туралы бұйрығын орындаудан бас тартқаны үшін ұстаған.

4 қараша - Ресейдегі Ұлттық бірлік күні Мәскеуде ұлтшылдар бірден төрт марш өткізген. Жыл сайын өтетін, билік қолдайтын маршқа ондаған мың адам қатысқан. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, марш Египетте ұшақ апатынан қаза тапқан ресейліктерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Маршта ұлтшылдыққа шақыратын ұрандар да, президент Владимир Путинге қарсы ұрандар да айтылған.

XS
SM
MD
LG