Accessibility links

Беларусь 2016 жылы валютасын деноминациялайды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Беларус президенті Александр Лукашенко елде 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап ұлттық ақша – беларус рублі деноминацияланатыны туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлады Азаттықтың Беларус қызметі.

Беларус президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, деноминацияға сәйкес, елде 2000 жылғы үлгідегі ақша банкноттары біртіндеп айналымнан алынады. Олар 2009 жылы шыққан 1 беларусь рубліне 1=10000 бағамымен алмастырылады. Яғни, 2000 жылғы 10 мың рубльдік ақша банкноты 2009 жылы шыққан беларустық бір рубльдің немесе 2009 жылғы беларусьтық жүз тиынның құнына тең болмақ.

Беларус ұлттық банкінің хабарлауынша, қазіргі кезде қолданыста жүрген 2000 жылғы ақша банкноттары 2016 жылғы шілденің 1-іне шейін елде қолма-қол есеп айырысу үшін заңды жалғыз төлем құралы болып саналады. Ал 2016 жылдың шілде айынан 31 желтоқсанға дейін 2000 және 2009 жылдары шыққан ақшалар айналымда қатар жүретін болады.

XS
SM
MD
LG