Accessibility links

Қырғызстанда жаңа үкімет құрылды


Қырғызстан үкіметі мүшелері. Бішкек, 4 қараша 2015 жыл.
Қырғызстан үкіметі мүшелері. Бішкек, 4 қараша 2015 жыл.

Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенеш бүгін ел премьері етіп Темір Сариевті қайта бекітіп, үкіметтің жаңа құрамын мақұлдады. Отырысқа қатысқан 118 депутаттың 117-сі жаңа үкімет құрамын қолдап дауыс берді, біреуі қарсы болды.

Темір Сариев депутаттарға өзіне сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, үкіметтің "ашық, әділ әрі жауапкершілікпен жұмыс істейтінін" айтты.

Үкіметтің жаңа құрамында вице-премьерлер саны төрттен үшке, министрліктер саны 14-тен 12-ге, мемлекеттік агенттіктер саны 28-ден 24-ке қысқарды. Есесіне 2 мемлекеттік комитет пен 2 холдинг құрылды.

Қырғызстанда үкімет жаңа сайланған Жогорку Кенештің жұмысқа кірісуіне байланысты 28 қазанда отставкаға кеткен болатын.

XS
SM
MD
LG