Accessibility links

Оралда қызыл әскер ескерткішін алып жатыр


Жұмысшылар Михаил Гавриловтың ескерткішін орнынан алып жатыр. Орал, 5 қараша 2015 жыл.

Жұмысшылар Михаил Гавриловтың ескерткішін орнынан алып жатыр. Орал, 5 қараша 2015 жыл.

Батыс Қазақстан облысы орталығы Орал қаласында бүгін жол пайдалану кәсіпорны жұмысшылары Қызыл армия сарбазы Михаил Гавриловке қойылған ескерткішті орнынан алуға кірісті.

Облыстық тарихи-мәдени нысандарды қорғау инспекциясының өкілі Абзал Байбековтің айтуынша, ескерткіш мемлекет қорғауындағы нысандар тізімінен 2008 жылы шығарылған.

Биыл маусым айында Оралдағы қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің директоры Құспан Мұқатаев қалада 15 жастағы қызыл әскер Михаил Гавриловке 1958 жылы темір-бетоннан қойылған ескерткішті басқа жаққа көшіруді ұсынған. Ол Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанында тұрған ескерткішті қаладағы әскери-техникалық мектептің қасына көшіру жайлы ұсыныс жасаған.

Совет кезінде Қызыл армия сарбазы Михаил Гавриловке 20-ғасырдың басындағы азаматтық соғыс кезінде ақтардың бір офицерін өлтіріп, Оралды басып алу жоспарын қолға түсіргені үшін мадақ айтылатын. Ол 1919 жылы Новенькое елді мекенінің түбіндегі шайқаста қаза тапқан.

Оралдағы қызыл әскер ескерткішін алу жайлы видео:

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG