Accessibility links

Сенат миграция туралы заңға өзгерісті мақұлдады


Жаңаөзенде құрылыс салып жатқан жұмысшылар. (Көрнекі сурет).

Жаңаөзенде құрылыс салып жатқан жұмысшылар. (Көрнекі сурет).

Сенат депутаттары бүгін миграция және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңдарға өзгерістер жобасын екі оқылымда мақұлдады.

Заң жобасында Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтарға азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен беру, колледждер мен жоғары оқу орындарында және одан кейінгі білім беру мекемелерінің жатақханаларында уақытша тіркеуге тұру құқығын беру қарастырылған.

Бұған қоса сырттан келген этникалық қазақтарға қай облысқа барғанына қарамастан оралман мәртебесін беру, бөлген облыстарға барған жайдайда әлеуметтік жеңілдіктер беру, оралмандарды бейімдеуді жеңілдету, экономикадағы кадр мұқтаждығын шешу жайы қарастырылған.

Құжатта бұдан өзге мүгедектерге арналған жұмыс орны квотасын жалпы жұмысшылар санына байланысты екіден төрт пайызға дейін саралап бөлу қарастырылған. Заң жобасында Қазақстанға келген шетелдік мамандарға біліктілігі сай келетіні туралы анықтамасы болса маман тапшы кез-келген жұмысқа орналасуына мүмкіндік қарастырылған.

XS
SM
MD
LG