Accessibility links

Берлинде Донбасқа қатысты келіссөз өтеді


Украинадағы ЕҚЫҰ бақылаушыларының жетекшісі Эртугрул Апакан.
Украинадағы ЕҚЫҰ бақылаушыларының жетекшісі Эртугрул Апакан.

Германия, Франция, Ресей және Украина сыртқы істер министрлері 6 қарашада Берлинде Донбастағы қақтығысты шешудің келесі кезеңін талқылау үшін кездеседі. Бұл туралы Германия сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саусан Чебли хабарлады.

Оның сөзінше, Донбастан ауыр-қарау жарақты әкету мәселесі Берлиндегі кездесуде талқыланатын басты тақырыптардың бірі болуы мүмкін.

Украина әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы бітім қыркүйек айынан бері көбіне сақталып келген. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушыларының басшысы Эртугрул Апакан ара-тұра екі тараптан кішігірім оқ ату оқиғалары болмаса, көбінесе бітім сақталып отырғанын және екі жақ бір-бірімен тұтқын алмасқанын айтады.

Апакан бұған қоса кездесуде қақтығыс аймақтарын минадан тазарту сынды маңызды жұмыстар да талқыланатынын айтады.

«Бітім біз қақтығысты саяси жолмен шешуге қадам басқанда, оның ішінде Украинада конституциялық реформалар жүргізіп, ЕҚЫҰ бақылаушылары қақтығыс аймағына кедергісіз кіре алған кезде ғана мүлтіксіз сақталады» деді Саусан Чебли.

XS
SM
MD
LG