Accessibility links

Оқулық сапасын бағалайтын портал ашылды


Мектеп оқулықтары. (Көрнекі сурет).
Мектеп оқулықтары. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда енді басылып шығатын мектеп оқулықтарының сапасын бағалайтын портал ашылды деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі.

Министрліктің дерегінше, портал 1 қарашадан, республикалық "Оқулық" ғылыми-тәжірибелік орталығының сайтында жұмыс істей бастаған. Министрлік жұртшылықтың порталда басылып шығатын оқулықтар мен оған қосымша методикалық құралдарға ескертпе мен ұсыныстар айтуға мүмкіндігі барын айтады. Порталда әр сынып пен жекелеген пәндер бойынша енді басылып шығатын оқулықтардың жобасы ілінген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қолданушылар мектеп оқулықтарының сапасына, оның ішінде мазмұндық, стилдік қателер барын айтып шағымданған.

XS
SM
MD
LG