Accessibility links

Ұлттық банктің қаржы нарығына қатысы азаяды


Ұлттық банк алдындағы наразылар жиыны. Алматы. 12 ақпан 2015 жыл.
Ұлттық банк алдындағы наразылар жиыны. Алматы. 12 ақпан 2015 жыл.

Ұлттық банк валюталық қорын сақтау үшін 5 қарашадан бастап ішкі қаржы нарығына қатысуын азайтатынын хабарлады.

​Банк 2015 жылдың қыркүйек пен қазан айларында биыл 20 тамызда жарияланған теңге курсын еркін айналымға жіберу жоспарынан бас тартып, валютаны қаржы нарығында сата бастағанын айтады. Бұл мерзімде банктің қаржы нарығындағы үлесі 60 пайызды құрап, 5 миллиардтай доллар сатылған.

Банк мәліметінше, теңгенің шетел валютасына шаққандағы құны бүгін тағы да арзандауы қаржылық тұрақтылыққа кесірін тигізбейді.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бейсенбідегі таңертеңгі сауданың соңғы нәтижелері бойынша, АҚШ долларының бағамы 298 теңге 92 тиынды құрады. Бұл кеше биржадағы кешкі саудадағы бағамнан 11 теңгеге (287 теңге 92 тиын) қымбат. Алматыдағы кебір ақша айырбастау орындарында қазір бір доллар 298-301 теңгеден сатылып жатыр.

XS
SM
MD
LG