Accessibility links

Франциямен 5 миллиард доллардың келісімі жасалмақ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада сол жақта) пен Франция президенті Франсуа Олландтың кездесуі. Париж, 5 қараша 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада сол жақта) пен Франция президенті Франсуа Олландтың кездесуі. Париж, 5 қараша 2015 жыл.

Францияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесіп, жалпы көлемі 5 миллиард доллардан асатын келісім-шартқа қол қойылатынын мәлімдеді.

Президенттің ресми akorda.kz сайтының хабарлауынша, кездесуге Airbus, Alstom Transport, Vicat, Soufflet, Rothschild Group, Veolia Asia, Areva және басқа да компаниялардың басшылары қатысқан. Назарбаевтың айтуынша, екі ел бизнес өкілдері арасында қол қойылатын келісімдер Францияға уран жеткізу, автомобиль өнеркәсібі, сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды жою және басқа да маңызды салаларды қамтиды. Президент Францияның 24 компаниясы Қазақстанда қазірге дейін 2 миллиард доллардан асатын жобаларды жүзеге асырғанын, 14 жоба бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан.

Назарбаев Францияға ресми сапармен 4 қарашада, Ұлыбританияға сапарынан кейін барған. Лондонда Қазақстан жағы британ компанияларымен құны 5 миллиард долларға жуықтайтын келісім-шарттар жасаған.

XS
SM
MD
LG