Accessibility links

ЕО: 2018 жылға дейін 3 миллион мигрант келуі мүмкін


Словения шекарасынан Австрияға өтіп бара жатқан мигранттар. 3 қараша 2015 жыл.
Словения шекарасынан Австрияға өтіп бара жатқан мигранттар. 3 қараша 2015 жыл.

Еуропа комиссиясының болжауынша, 2017 жылдың соңына қарай Еуропаға үш миллион мигрант баруы ықтимал. Егер бұл санға пана беру туралы берген өтініштері қанағаттандырылмаған босқындарды қоса есептесе, онда Еуропа Одағының (ЕО) тұрғындары саны 0,4 пайызға, ал өндіріс көлемі 0,2-0,3 пайызға артпақ.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары биыл қыста Еуропаға Түркия арқылы мигранттар келетіні туралы айтқан. Олардың саны күніне бес мың адамға жетіп, ал бір жылдан соң бір жалпы саны бір миллионнан асуы мүмкін.

Қазір Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 760 мыңнан астам адам барған. Олардың көпшілігі Сирия, Ауғанстан, Ирак пен Африка елдерінен шыққандар. Босқындардың көпшілігі Германиядан пана табуды көздейді.

XS
SM
MD
LG