Accessibility links

Украинада бұрынғы әділет министрі ұсталды


Украинаның бұрынғы әділет министрі Алена Лукаш.

Украинаның бұрынғы әділет министрі Алена Лукаш.

Украина қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, 2014 жылы Киевтегі наразылық акцияларындағы оқ атуды тексеру аясында бұрынғы әділет министрі Алена Лукаш ұсталды. Өткен жылдың 18-20 ақпаны аралығында Киевте сол кездегі ел президенті Виктор Янукович билігіне қарсы демонстрациялар кезінде мергендер оғынан жүзден аса адам мерт болған. Тергеушілер әзірге бұл қылмысқа қатысқандарды анықтай алмай отыр.

Бейсенбіде Украина қауіпсіздік қызметі қамауға алынған экс-министр Лукашқа таяу уақытта сот ресми айып тағатынын мәлімдеген.

Украина қауіпсіздік қызметі өкілдері Киевте өткен баспасөз жиынында көрсеткен бейнежазбада Лукаш пркуратураға «түсінік беру үшін қарсы барлау қызметінің агентімен бірге» бара жатқанын хабарлаған. Ол өзіне қысым жасалмағанын айтып, қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен «жай ғана әңгімелесу үшін» өз еркімен бара жатқанын мәлімдеген.

2013 жылы күзде Украина азаматтарының Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісім жасаудан бас тартқан билікке наразылық акциялары үлкен қантөгіске ұласты – үкімет күштері демонстранттарға қарсы оқ атқан еді. Бұдан соң 2014 жылы ақпанда ел президенті қызметінен қуылған Виктор Янукович Ресейге қашып кетті.

XS
SM
MD
LG