Accessibility links

Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды


Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Бағдат Қарасаев Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ресми ақпарат бойынша, Талдықорғанның бұған дейінгі әкімі Ермек Алпысов қызметінен "басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған".

Бағдат Қарасаев 1964 жылы туған. 2004 жылдан бастап Алматы облысы Алакөл ауданының әкімі болған.

XS
SM
MD
LG