Accessibility links

АҚШ Украинаға миллиард доллар несие бөлмек


АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ вице-президенті Джо Байден.

Ақ үй Украинаға реформаларын ары қарай жалғастырып, коррупциямен күресуі үшін қосымша 1 миллиард доллар несие бөлетінін хабарлады. Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлескен АҚШ вице-президенті Джо Байден АҚШ Украинаға көмегін жалғастыра беруге дайын екенін, бірақ ол үшін Киев алдымен экономикалық реформаларды жүргізуі тиіс екенін айтқан.

Украина АҚШ несиесі мен халықаралық валюта қоры бөлген 1,7 миллиард долларды парламент пен қаржы министрлігі арасында салық төлемдерін азайтуға қатысты дау шыққанға дейін алып қойған.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк 4 қарашада салық мөлшерін азайту жоспарының тығырыққа тірелуі үкіметтің 2016 жылға арналған бюджет жобасы мен халықаралық несие алу келіссөзіне нұқсан келтіреді деп ескерткен.

Депутаттар салықты біртіндеп азайту керек десе, қаржы министрлігі мұны мүмкін емес дейді.

«Қазір Батыс елдері арасында жақтастарымыз көп, бұл одақтастар бізді саяси ерік-жігерімізді, жауапкершілігімізді және реформалар жүргізгенде құндылықтарымыз бен түпкілікті мақсатымыздың өзгермейтінін білдірген жағдайда ғана қолдайды. Барлығымыздың ұстанымымыз бірдей болуы керек» деген Яценюк.

XS
SM
MD
LG