Accessibility links

Түркияда ИМ-ге "қатысы бар" 20 адам ұсталды


Түркия полициясы ИМ тобымен байланысы бар деген күдікке ілінген адамды әкетіп барады.

Түркия полициясы ИМ тобымен байланысы бар деген күдікке ілінген адамды әкетіп барады.

Түркия полициясы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен байланысы бар деген күдікпен 20 адамды тұтқындады.

Ресми мәлімет бойынша, күдіктілер Жерорта теңізіне жақын Анталия провинциясында ұсталған. Анталияда келесі аптада «Үлкен жиырмалық» (G20) елдерінің саммиті өтеді. Ұсталғандардың екеуі – Ресей азаматы деген дерек бар.

Түркия полициясы соңғы апталарда ел аумағында тексерістер жүргізіп, ИМ тобымен байланысы бар деген күдікпен ондаған адамды ұстаған.

Осы аптада ИМ-ді «ашық жау» деп атаған Түркия сыртқы істер министрі Ферудин Синирлиоглу Анкара таяу күндері ИМ-ге қарсы жаңа әскери операция жүргізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Түркия ИМ содырларын өткен айда Анкарада 100-ден аса қаза тапқан екі жарылысты жасады деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG